2024 жылдың 22 қарашасында педагог- психолог 2-4 сынып оқушылары арасында кәсіптік бағдар беру сабағын өткізді. Сабақ барысында балалар әртүрлі мамандықтармен танысып, оларды орындауға қажетті маңызды қасиеттерді білді. Сабақта мамандықтар бейнеленген карточкалар сияқты көрнекі материалдар қолданылды. Осы көрнекі құралдың арқасында балалар әртүрлі мамандықтардың мәнін тереңірек түсініп, әр мамандықтың ерекше дағды мен білімді қажет ететінін анық байқады.