Текст
1 желтоқсан Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні. Курский жалпы мектебінің парламенті «СПИД-ке ЖОҚ дейміз!» атты волонтерлік шара ұйымдастырды. Акцияның мақсаты – оқушылардың назарын ЖИТС проблемасына аудару, салауатты өмір салтын насихаттау және өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру.Шара барысында оқушылар пайдалы ақпарат алатын стенд қойылып, 5-11 сынып оқушылары мұғалімдермен бірге АИТВ инфекциясынан қайтыс болғандарды еске алуға арналған «Өмір ағашын» жасауға атсалысты.