Текст
2024 жылғы 26-30 қарашада Астана қаласында 9-11 сынып оқушылары арасында ауылдық олимпиаданың республикалық кезеңі өтті. Ақмола облысы командасының құрамына Курское ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 9 сынып оқушысы Иван Галыгин кірді, ол "Информатика"пәні бойынша 3 жүлделі орынға ие болды. Жеңімпазды және оның информатика пәнінің мұғалімі Еркенова Ажар Сайранқызын құттықтаймыз!