"Ақмола облысы білім басқармасының Есіл ауданы бойынша білім бөлімі Курский ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Курское отдела образования по Есильскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Курский ауылының ЖМ" КММ-де «Оқушыларды тәрбиелеу және әлеуметтендіру ерекшеліктері» тақырыбында жалпы мектептік ата-аналар жиналысы өтті.

04.06.2025

"Курский ауылының ЖМ" КММ-де «Оқушыларды тәрбиелеу және әлеуметтендіру ерекшеліктері» тақырыбында жалпы мектептік ата-аналар жиналысы өтті.
Жиналыс барысында оқушылардың дамуы, қауіпсіздігі және мектеп пен отбасының өзара байланысы жөніндегі маңызды мәселелер қарастырылды. Келесі баяндамалар тыңдалды:
1. Ерболұлы А., 7-сыныптың сынып жетекшісі – «Баланың зияткерлік әлеуетін қалай ашуға болады».
Баяндамада оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру және қабілеттерін дамыту жолдары ұсынылды.
2. Тетянюк А.С., 6-сыныптың сынып жетекшісі – «Ата-ана мен мектеп – бір-біріне қарсы емес».
Мектеп пен отбасының тәрбиелеудегі бірлескен әрекеттерінің маңыздылығы, өзара сенім мен қолдаудың қажеттілігі атап өтілді.
3. «Көктемде су айдындарында балалардың қауіпсіздігі», «Балаларды терезеден құлап кетуден қорғау» тақырыптарындағы техника қауіпсіздігі жөнінде – Жанабергенов Б.Б. баяндады.
4. Балалардың қауіпсіздігі мен құқықбұзушылық әрекеттері үшін ата-аналардың жауапкершілігі туралы полиция капитаны Серов Р.Е. сөз сөйледі. Ол ата-аналардың бала өміріне белсенді араласуы мен қадағалаудың маңыздылығын атап өтті.
5. Тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары Шайхыстанов Н.А. Профилактика кеңесінің жұмысының қорытындысын шығарды және жасөспірімдердің нашақорлық мәселесіне арналған «Закладка. Расплата» фильмі көрсетіліп, талқыланды.
6. Мектеп директоры Гузенко С.Ю. таныстыру ақпаратын ұсынып, ата-аналардың сұрақтарына жауап берді.
Осындай кездесулер ата-аналар мен мектептің ортақ түсінікке келуіне, маңызды мәселелердің шешімін табуына және балаларымыз үшін қауіпсіз әрі қолдаушы орта құруға септігін тигізеді. Жиналыс нәтижелі өтіп, ата-аналарға мектеппен алдағы қарым-қатынаста пайдалы ақпарат берілді.

https://www.instagram.com/reel/DJDyYPIykLv/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

 

Просмотров: 58


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст