Текст
2021 жылдың 28 қыркүйегінде Курск мектебінде "Тәуелсіздік жетістіктері" ("Достижение Независимости") тақырыбында сынып сағаттары және ашық сабақтар өткізілді. Педагогтер оқушыларға егемендік алу кезеңдері, тәуелсіз мемлекеттің дамуы және Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бүгінде табысты дамып келе жатқан елдің қалыптасуындағы маңызды рөлі туралы айтып берді. Сынып жетекшілері өз оқушыларымен мемлекет тарихына "саяхат жасады", бейнероликтер, слайдтық презентацияларды тамашалады. Оқушыларға Тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктер туралы мақтанышпен айтты!