2023 жылғы 5-6 сәуірде «Ақмола облысы білім басқармасының «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен дарынды жастарды анықтау және қолдау орталығы «Кәсіптер әлемін ашамыз» Республикалық форум-конкурсының облыстық кезеңі өткізді.
Форумның мақсаты: еңбек нарығында, Қазақстанның болашақ экономикасында сұранысқа ие және қажетті болашақ мамандықты табысты таңдау үшін білім алушылардың кәсіптерді зерделеуге шығармашылық көзқарасын жандандыру, білім алушылар мен педагогтарды бірлескен қоғамдық маңызы бар кәсіптік бағдар беру қызметіне тарту.
Форумға Ақмола облысының 14 ауданы мен 3 қаласы қатысты. Қатысушылардың жалпы саны 80 оқушыны құрады.
Облыстық форумның қорытындысы бойынша «Менің мамандығым – менің бизнесім» номинациясы бойынша «Курское ауылының жалпы білім беретін мектебі» КММ 7 сынып оқушысы Дарья Шевнина 3 орынға ие болды. Жетекшісі химия және биология пәнінің мұғалімі Давиденко Асмик Карленовна .